Іс-шаралар

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ.

Ағымдағы жылдың 28 қазан күні Б.Жұмалиев атындағы мектепте «Бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы және І тоқсан нәтижесі» тақырыбында ата–аналар жиналысы өткізілді.

Жиналысқа құқық қорғау орган өкілдері, қамқоршылық кеңес төрағасы, ата-аналар комитетінің төрағасы, кәсіпкер, ата – аналар, мұғалімдер қатысты.

Жиналыстың мақсаты – мектеп пен ата- аналардың өзара байланысын нығайту, оқушылардың І тоқсандағы оқу жетістіктерін қорытындылау және бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыру болды.

Мектеп әкімшілігі І тоқсан нәтижелерімен таныстырып, оқушылардың жетістіктері мен алдағы оқу кезеңіндегі мақсат- міндеттерді атап өтті.

Оқушының табысты болуы тек мектептің емес, ата-ананың қолдауына тікелей байланысты. Баланың үйде оқуына көңіл бөлу, дұрыс күн тәртібін қалыптастыру, кітап оқуға баулу үлкен әсер етеді.

Қазіргі таңда ата-ана мұғаліммен бірлесе отырып балалардың тәртібі, қауіпсіздігі, кибермәдениеті және әлеуметтік желіде өзін ұстау мәдениетіне үнемі назар аударып, тығыз байланыста оң нәтиже беретін жұмыстар жүргізіп отыру керектігі айтылды.

Ата – аналардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныстары ескерілді. Сонымен қатар балалардың оқу үлгерімі мен тәртібі жөнінде пікір алмасып, тәрбие мен оқудағы өзара ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті.

Жиналыс соңында ата-аналарға алғыс білдіріліп, балалардың болашағы үшін оқу мен тәрбиедегі бірлескен жұмыста қолдау көрсету, одан әрі дамытуда серіктестікке шақырылды.

 

 

Маңғыстау аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

24

Мектептер➜


Оқушылар саны

9333

Ұлдар: (51%)
Қыздар: (49%)


Мұғалімдер саны

1122

Ерлер: (11%)
Әйелдер: (89%)


ақпарат толықтығы

83%

ҚР мемлекеттік рәміздері