АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ.
Ағымдағы жылдың 28 қазан күні Б.Жұмалиев атындағы мектепте «Бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы және І тоқсан нәтижесі» тақырыбында ата–аналар жиналысы өткізілді.
Жиналысқа құқық қорғау орган өкілдері, қамқоршылық кеңес төрағасы, ата-аналар комитетінің төрағасы, кәсіпкер, ата – аналар, мұғалімдер қатысты.
Жиналыстың мақсаты – мектеп пен ата- аналардың өзара байланысын нығайту, оқушылардың І тоқсандағы оқу жетістіктерін қорытындылау және бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыру болды.
Мектеп әкімшілігі І тоқсан нәтижелерімен таныстырып, оқушылардың жетістіктері мен алдағы оқу кезеңіндегі мақсат- міндеттерді атап өтті.
Оқушының табысты болуы тек мектептің емес, ата-ананың қолдауына тікелей байланысты. Баланың үйде оқуына көңіл бөлу, дұрыс күн тәртібін қалыптастыру, кітап оқуға баулу үлкен әсер етеді.
Қазіргі таңда ата-ана мұғаліммен бірлесе отырып балалардың тәртібі, қауіпсіздігі, кибермәдениеті және әлеуметтік желіде өзін ұстау мәдениетіне үнемі назар аударып, тығыз байланыста оң нәтиже беретін жұмыстар жүргізіп отыру керектігі айтылды.
Ата – аналардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныстары ескерілді. Сонымен қатар балалардың оқу үлгерімі мен тәртібі жөнінде пікір алмасып, тәрбие мен оқудағы өзара ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті.
Жиналыс соңында ата-аналарға алғыс білдіріліп, балалардың болашағы үшін оқу мен тәрбиедегі бірлескен жұмыста қолдау көрсету, одан әрі дамытуда серіктестікке шақырылды.
Мектеп асханаларына мониторинг: сапа – басты назарда!
Мониторингтік топпен бірге ауданымыздағы бірнеше мектептің асханаларын тексеріп шықтық. Тексеріс барысында асхана тазалығы, санитарлық талаптардың сақталуы, тағамдардың сапасы мен жарамдылық мерзімі, қызметкерлердің санитарлық кітапшалары және өнімдердің...
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында аудандық «Кітап оқу тоқсаны» байқауы өткізілді.
Байқауға мектепішілік кезеңнен үздік шыққан мұғалімдер қатысып, жалпы 21 үміткер өзара бақ сынады. Қатысушылар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау, шығармашылық талдау және мәтінмен жұмыс дағдылары жоғары деңгейде көрініс тапты. Байқау нәтижесінде төмендегі...
АУДАНДЫҚ СЕМИНАР - ЗЕРТТЕУШІЛІККЕ БАСТАЙТЫН ҚАДАМ!
2025 жылдың 29 қазан күні Ә.Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жаратылыстану пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті» тақырыбында аудандық семинар өтті. Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының...
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ.
Ағымдағы жылдың 28 қазан күні Б.Жұмалиев атындағы мектепте «Бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы және І тоқсан нәтижесі» тақырыбында ата–аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа құқық қорғау орган өкілдері, қамқоршылық кеңес төрағасы, ата-аналар комитетінің...
Қ.ВАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖҮЛДЕ» АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ.
22 қазан 2025 жылы М.Атымов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе ұйымдастырылған 3–4 сынып оқушылары арасында «Қ.Ванов атындағы жүлде» атты аудандық олимпиада өткізілді. Байқауға ауданның 20 мектебінен 40 оқушы қатысып, өз...


